Қазақ қыздары өткен ғасырларда өте сәнқой болған

3487
Adyrna.kz Telegram
Украин ғалымының сенсациясы. Украиналық археолог, тарихшы, реставратор Татьяна Николаевна қазақстандықтардың арнайы шақыруымен Павлодар облысындағы археологиялық қазбалардан табылған, Қимақ-Қыпшақ пен Алтын Орда кезеңінде кездесетін мата бөліктерін зерттеу үшін келген. Ол ұсынылған барлық материалды (100-ден астам үлгі) толығымен зерттеп, ғылыми-тарихи жаңалық ашуға болатындығын айтты. Оның айтуынша, ғасырлар бойы жер бетінде сақталған жібектің элементтерін талдап, зерттеп, сонымен қатар, нәтижесі оны қуантып қана қоймай, таңғалдырған. Қазіргі Павлодар аумағында өмір сүрген ерте замандағы қазақ әйелдері талғампаз сәнді және бірегей технологиямен жасалған жібек және алтын маталардан тігілген киім киген. Бұл туралы толғырақ Татьяна Николаевна тілшіміз Ренат Ташқынбаевқа баяндады.
Бұл күндері Татьяна Николаевна Павлодар мемлекеттік педагогикалық университетінің Марғұлан орталығында таңның атысымен қазба жұмыстары кезінде табылған маталардың үзінділерін зерттеуге бірден кіріседі. Ал компьютерінің мониторынан баға жетпес археологиялық қазбалардың суреттерін көруге болады. Ол бізге микроскопта көрсетілген қазба үлгілерін арнайы бағдарлама арқылы қазіргі уақытпен шамалап көрсетіп, Украинада зерттелген үлгілерімен де салыстыруда. "Бұл Қимақ-Қыпшақ және Алтын Орда кезеңіне жатады. Осы фрагментті жеті есе ұлғайтып қарағанымда жай қарапайым мата еді, бірақ мата бетіне түскен сарғылт түсті 30 есе ұлғайтып қарауды шештім сонда мұның алтын жіптердің қалдығы екендігі анықталды. Аузым ашылды да қалды", - дейді ол. Павлодарлық археологтардың тапқан Алтын Орда дәуіріндегі алтын матасы. Жеті рет үлкейтілген Павлодарлық археологтардың тапқан Алтын Орда дәуіріндегі алтын матасы. 30 рет үлкейтілген Украинаның археологиялық учаскелеріндегі ұқсас материалмен жұмыс істеп, сканерден өтетін электронды микроскоптың көмегімен 4000 есе ұлғайтып, металдың біркелкілігін көрдім, қалыңдығына қарай, фольга деп атау қиын, соншалықты кішкентай құндылықтар, бұл алтынды тіпті рентген сәулелері арқылы көру де мүмкін емес. Павлодар археологтары тапқан мата бөліктерінің тозығы жеткен, бәлкім тым қымбат бағаланғандықтан ұзақ киілген. Металлдың қалыңдығы, Украинада табылған үлгілерге ұқсас, органикалық негізде оралған - жарты микрон (микрон мың миллиметрден астам). Және бұл XIII ғасыр, сенесіз бе?!
Мұның бәрін көргенде, мен таңғажайып күйге түстім, себебі бұл сирек кездесетін заттар, өте қымбат үлгілер! Өкінішке қарай, бұл маталар мен жоғарытехнологиялы жіптердің қауіпсіздігі үшін электронды микроскопия жасай алмаймыз. Бірақ олар Еуразия аймағында белгілі", - дейді тарихшы. 400 рет үлкейтілген нұсқа "Бұл технология жоғалып кеткен, бірақ ұқсас, күміс те Түркістандағы Қожа Ахмет Яссауи кесенесінде бұрынғы жерлеу рәсімінде қолданылған. "Мен оларды ертеректе зерттегенмін", - дейді Татьяна Крупа. Реставратор бұл маталарды зерттеуге кірісіп, уақытты ұмытып кеткенін мойындайды. "Мен кейде тіпті мұнда бірнеше күн боламын. Міне 20 есе ұлғайтылған жібек, қандай керемет жұмыс екенін көріңіз!" Бұл адамдардың қолымен жасалған XI-XIII ғасырлардағы нанотехнология", - дейді ол. "Осындай материалдардан киім кию әдемі көрінген. Әрине, бұл әдеттегі жоқшылық емес, керісінше байлық", - атап өтті тарихшы. Оның ойынша, табылған үлгілерді ғылыми-тарихи жаңалық деуге болады. "Менің және әріптестерімнің тұжырымдары бойынша бұл ерекше жаңалық. Мұндағы материал өте бай, маталардан өрнек көруге болады, меш секілді маталар кездеседі. Бұл сол кездегі адамдардың сәнді киінуге құмар болғандығын білдіреді. Саясат, экономика үшін әдетте қарапайым адам өз өмірін жоғалтады, бірақ бұл ең қызықтысы: ол немен тамақтанды, не киді, қандай болды? Егер сіз осы бай материалды алып зерттемесеңіз, археологтар жерленген жерлерден тек қылқан жапырақтарды, тот басқан пышақтарды немесе сол сияқты нәрселерді табады. Нәтижесінде, біз секілді, Украинада айтқандай, олар нашар және қиын өмір сүрді дейсіздер. Бірақ шын мәнінде, археологиялық қазбалау әдісін өзгертетін болсақ (менің әріптестерім - Павлодардарлық археологтар сияқты), біз кез келген жерленген жерден осындай немесе ұқсас мата үзінділерін таба аламыз. Сонда ежелгі адамзат өмірін басқа қырынан көреміз. Мұнда Ертіс даласында, XI-XIII ғасырларда көшпенділер өмір сүрді. Ал бұл табылғандардың негізінде көшпенділердің эстетикадан жұрдай болмағандығын көреміз", - дейді ғалым. Барлық материалды зерттеп болған соң, ол әріптестерімен бірге кітап жазбақшы және тіпті, табылған экспонаттармен сол дәуірдегі әйелдер киімін бейнелеуге тырысады. Бірақ табылған үзінділерді, мысалы, ғалымдар өз тарихынан сыр шертуі үшін оларды "жандандыруы" қажет. Алдымен, бөліктерді арнайы ертітіндіге малып алу керек, тазартып алып, содан кейін түзейді. "Бұл фрагменттермен бір ғана емес, көп адам жұмыс жасауы керек, яғни бұл мектеп болуы тиіс, мұндай нәрселер ерекше көзқарасты талап етеді, ал ең бастысы - қаржылық көмек қажет. Қазақстанда осындай білгір мамандар санаулы. Солардың бірі - Қырым Алтынбеков (рестовратор). Көп ұзамай ол да осында келуі керек. Бірақ сіздің еліңіздегі осындай археологиялық материалдың зерттеуге қажетті мамандар жеткіліксіз. Мен, сарапшы ретінде, 2009 жылдан бастап Қазақстанның көне заттарын зерттеумен айналысамын. Түркістан археологиялық экспедициясымен бірге жұмыс істеймін. Біз әскери тақырыпты Харьков пікірлестерімен бірге зерттейміз. Бұл жұмыс үшін Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың 2013 жылы қабылдаған шешімі бойынша Мақка Қаражанова мен Леонид Картсев "Бірлік" алтын медалімен марапатталды. Сондықтан, мен үшін павлодарлық әріптестеріме көмектесу өте маңызды", - дейді біздің әңгімелесуші. Археологиялық үлгілерді зерттеу арасында Потанин атындағы Павлодар облыстық өлкетану мұражайының экспонаттарымен де танысып үлгерді. Бұл жерде де, ол жаңалық ашты. "Қазір сіздердің қарап тұрғандарыңыз өте сирек кездесетін үлгі, себебі оның өндірісі үшін түрлі маталар пайдаланылды. Қараңызшы, бұл қолмен тігіліп, түгелдей қолмен өңделген, мұндай тамаша жұмысты мұқият қарастырған жөн. Бұл өте сапалы жұмыс, сондықтан қауіпсіз ортада сақталуы керек", - дейді реставратор бізге әйел шапандары мен басқа да экспонаттар көрсете отырып отыр. "Көріп отырсыздар, күнделікті тоқыма жұмысына (тіпті қымбат) әрдайым аз көңіл бөлінген: оны киіп, тоздырып тастайтын болған. Мұндай заттар аз қалған. Ал мына зауытта өндірілген қытайдың нағыз жібегі", - дейді ол. "Бұл әйелдің шапаны, оның құнды болғаны соншалық, ұрпақатан ұрпаққа берілген". Қызыл жібек - әрдайым қымбат бағаланған: "Мүмкін бұл қазіргі кезде ондай көрнекі емес шығар, бірақ қанша жыл өткенін ескеру керек. Бұл кез келген мұражай үшін өте құнды жәдігер", - деп атап өтті ғалым. Бұл әйел шапаны - XIX ғасырдың аяғында тігілді. "XIX ғасырдағы кимешек, қараңдаршы, қандай сұлулық. Мұнда алтын кесте бейнеленген (Марғұлан орталығында Татьяна Крупа зерттеген мата фрагменттері сияқты - автордың түсініктемесі). Бірақ жұмыс өте нәзік", - деп түсіндіреді тарихшы киіз үйдің күрделі декорациясына назар аудара отырып. "Бұл біздің аймақ, солтүстік - Баянауыл", - деп түсіндірді мұражай қызметкерлері. "Бұл техникадағы ең сирек дүние", - деп толықтырды Татьяна Крупа. Татьяна Николаевнамен әңгімелескенде қазақстандықты тыңдағандай әсер аласыз. Қазақтың ежелгі тарихын ерекше қызығушылықпен айтады. Алайда оның туып-өскен жері Харьков екені анықталды. Соған қарамастан, ол Қазақстанның тарихымен және тұтастай түріктермен байланысы бары анық. Біріншіден, Харьков қалалық қазақстандық "Бірлік" қоғамдық бірлестігінің басшысының орынбасары. Екіншіден, ата-бабаларын көшпенділер деп санайды. "Атамыз біздің бойымызда сары-қыпшақ қаны бар екенін айтқан, мен бұған сенемін".
Слобожанщинада (Украинаның солтүстік-шығыс бөлігіндегі) жиі тегі түрік жандарды кездестіремін. Мәселен, менде тегі Керемет секілді оқушылар. Және бұл өте қисынды. Өйткені бүгінгі Қазақстан солтүстік-шығыс шекарасы кезінде Дешті Қыпшақтың болған, біз (Слобожанщина мен бүкіл Украина сияқты) Дешті Қыпшақтың солтүстік-батыс шекарасы болған едік", - деп әңгімесін аяқтады татьяна Николаевна. Сонымен қатар, Марғұлан орталығында Татьяна Николаевна Крупамен қатар басқа шетелдік ғалымдар да жұмыс істейді. Олардың ішінде Новосібір қаласының антропологы Павлодар облысы көне көгалда табылған адамдардың қалдықтарын зерттейтін Дмитрий Владимирович Позняков бар. Ғалым осы зерттеу нәтижелері бойынша болашақта жаңалықтар ашыларын жоққа шығармайды. Сонымен қатар, жерлеу рәсіміне қарағанда, ғалымдар бұл адамдар зиялы қауымға тиесілі болуы мүмкін деп ойлайды. Сурет: Тұрар Қазанғапов Мәтін: Ренат Ташқынбаев. Kaz.tengrinews.kz
Пікірлер