Облыс орталығынан «Өнер сарайы» мен «Неке сарайы» бой көтерді

2645
Adyrna.kz Telegram

Қызылорда облысында жыл сайын экономикалық және демографиялық өсім қарқынды дамып, еңбекке белсенді халық саны артып келеді. Бұл өз кезегінде қоғамдық, әлеуметтік және мәдени-көпшілік шараларда белсенділік танытатын ортаның да ұлғаюына оң ықпалы зор.

Бүгінде облыс орталығында сыйымдылығы жағынан ең үлкен 600 орындық Н. Бекежанов атындағы қазақ-музыкалық академиялық драма театры аймақ халқына қызмет етіп келеді. Дегенмен аймақ халқы саныны өсімінің оң динамикасына байланысты өңірдегі мәдениет үйлері мен өнер ордаларындағы үлкен сыйымдылықтағы көрермендерге арналған орын жеткіліксіздігінің туындағанына біршама уақыт болды. Осы жағдайды ескере келе, аймақ басшысы Н.Нәлібаев облыс орталығынан заманауи үлгідегі бірнеше әлеуметтік ғимарат салу туралы бастама көтергенболатын. Соның бірі – «Өнер сарайы».

Аймақ басшысының тапсырмасы негізінде Сұлтан Бейбарыс көшесінің бойынан салынатын ғимаратқа 2,0 гектар жер көлемі белгіленген. Халық игілігіне пайдалануға берілетін нысан 1000 орындық көпфункционалды кешен ретінде ашылады. Яғни, онда мәдениет саласының симфониялық, эстрадалық және ұлттық өнер бағытындағы концерттік бағдарламалар мен түрлі форматтағы қоғамдық іс-шаралар да өткізіледі.

Сондай-ақ, қаламызда неке қиюды жоспарлаған жандар ескі ғимаратта орналасқан азаматтық хал актілерін тіркеу мекемесіне жүгінетін. Жас жұбайлар үшін ең маңызды және тарихи салтанатты рәсім ұйымдастыратын кабинетімен жабдықталмаған ғимаратқа қатысты тұрғындар мен жаңа өмірге бірге қадам басуға келген жастар тарапынан да ұсыныстар жиі айтылып келді. Осыны ескерген аймақ басшысы «Неке сарайы» салтанатты ғимаратын салу туралы тапсырма берді.

Аталмыш әлеуметтік нысанның бой көтеруі аймақтың құрылыс-индустриялық сәулетін арттырумен қатар отбасылық-демографиялық  саясатты жүзеге асыруға үлес қосуға талаптанған жастардың өміріндегі ең маңызды сәттерін әсерлі етуге зор мүмкіндік сыйлайды. Айта кетейік, заманауи үлгіде салынатан ғимараттың жалпы ауданы 2100 шаршы метрді құрайды.

Бүгінде құрылыс жұмыстарын жүргізуші мердігерді анықтауға мемлекеттік сатып алу конкурсы жарияланған. Әлеуметтік нысан пайдалануға берілген соң мұнда облыс тұрғындарына АХАТ қызметімен қатар отбасы құндылықтарын дәріптейтін әлеуметтік-мәдени іс-шаралар да жүргізіледі деп күтілуде.

Айта кету керек, бұл нысандардың жобалық-сметалық құжаттамасы демеушілер есебінен әзірленуде.

Пікірлер