"Саяси тұтқын" деп танылған шешесінің ісін шешіп, үш бауырын жалғыз асырайды

4257
Adyrna.kz Telegram

24 жастағы бойжеткен жеті айдан бері өзінен кейінгі үш бауырын жалғыз өзі асырайды. Дәріханада түнгі ауысымда жұмыс істеп, күндіз "саяси тұтқын" деп танылған анасының ісін шешумен жүгіреді, деп жазады "Адырна".

Айжанның анасын - белсенді Ләззат Досмамбетованы Шымкент соты өткен аптада 3 жыл 7 айға түрмеге кесті. Судья оны Қаңтар оқиғасына байланысты жаппай тәртіпсіздік бабымен кінәлі деп таныған.

Сот мұндай үкімді Досмамбетованың басқа бір белсендімен телефондағы әңгімесін негізге алып шығарған. Судья әңгіме мазмұнында "жаппай тәртіпсіздікке шақыру белгілері бар" деп тапқан. Бір қызығы екі белсенді 6 қаңтарда, қалада дүрбелең басылған соң сөйлескен. Айжанды "өтіп кеткен нәрсеге жұртты екеуара әңгімеде қалайша үндей алады?" деген сауал мазалайды.

Ләззат Досмамбетованың төрт баласы бар: 24 жастағы Айжан, 20 жастағы Абзал, 15 жастағы Мұхаммедәлі және 10 жасар Әкежан. Тұңғышы Айжан жұмыс істейді. Абзал – университетте, одан кейінгі екі ұл мектепте оқиды.

Ләззаттың мамандығы – дефектолог, мейірбике. Көп жыл мемлекеттік мектеп-интернатта еңбек еткен. Айжан анасын "ешкімге соқтықпайтын, бірақ өзіне тиіскен кісіге есесін жібермейтін"‎ деп сипаттайды.

Оның сөзінше, алаңға жете бергенде жүрегіне оқ тиген жігітті көтеріп келе жатқан бір топ адамға кезіккен. Ләззат сұлқ жатқан жігітке алғашқы медициналық көмек көрсетуге тырысқанымен, оның көз жұмғанын біледі.

– Алаңдағы айқай-шуды естігенім болмаса, мен тұрған маңда тәртіпсіздік болған жоқ. "Шал, кет!"‎, "Парламенттік республика!" деп айқайлағаным рас. Демократиялық республикада тұрғым келді, – деді сотта сөйлеген Досмамбетова.

Шешесі қамауда отырған жеті айда Айжанның өмірі түбегейлі өзгерді. Шетелге оқуға кетуге әзірленіп жүргенде анасы істі болпы, жолдамадан бас тартқан. Аптасына бес ерт анасына тамақ пен дәрі-дәрмек тасиды. Апта сайын қалалық прокуратура алдына келіп, басқа белсенділермен бірге анасын босатуды талап етеді.

Айжанға қолдау білдіремін деген кісілер болса, карта нөмірі осы: 8 (777) 153 31 11

Пікірлер