Шымкентте Халықаралық шахмат күніне орай тұңғыш рет BI Chess қалалық турнирі өтті (ВИДЕО)

1821
Adyrna.kz Telegram

Шымкентте 20 шілде Халықаралық шахмат күні BI Chess қалалық алғашқы рейтингтік турнирі өтті, деп жазады "Адырна" ұлттық порталы. 

Асанбай Асқаровтың жүз жылдығына арналған турнирдің басты демеушісі және ұйымдастырушысы BI Group инновациялық құрылыс холдингі болды. Компания өкілдері жарысты жыл сайын өткізу мәселесін қарастырып жатқанына тоқталып өтті.

Турнирге 125 жергілікті шахматшылар қатысты: 2-ші және одан жоғары санаттағы шеберлер, сондай-ақ арнайы іріктеу турынан өткен әуесқойлар. Жарыс екі жас санатында өткізілді: 60 жасқа дейін және 60 жастан жоғары.

Іс-шара басталар алдында ақсақалдар қатысушыларға бата беріп, оң тілегін білдірді.

Турнирдің қария жастағы қатысушысы Олег Ни өз пікірін былай деп білдірді:

- Мен бұл жерде жастарды көргеніме қуаныштымын. Шымкент өзінің шахматшыларымен және мықты шахмат мектептерімен танымал. Бұл шынымен де адамдарды біріктіретін бекзат ойын. Шахмат ойнауды ешқашан тастамаңыздар дегім келеді!

BI Chess  швейцариялық жүйе бойынша өткізілді. Жарыстағы уақыт бақылау  өлшемі 10 + 5 құрады. Соңғысы әр қатысушыға бір ойынға 10 минут , оның ішіндегі 5 секунд жүріс жасауға берілгенін білдіреді.

Барлық ойын онлайн режимде шахмат турнирлерінің халықаралық базасының ресми сайтында көрсетілді.

Жеңімпаздар ФИДЕ халықаралық регламентіне сәйкес анықталды. Бұл рейтингке кіру - әр шахматшының мақсаты.

Бірінші жас санатында 0,5 балдық айырмашылықпен шахматшы Әбубәкір Жолдасов жалпы 6 ұпаймен жеңімпаз атанды. Екінші жас санаты бойынша 8 ұпай жинаған Әбілмансұр Әбділхайыр жеңімпаз атанды.

  BI Chess  бірінші қалалық рейтингтік турнирінің нәтижелері бойынша екі санатта бірінші және екі орындарды мыналар иеленді:

2 - орын: Алдияр Нысанов

3 - орын: Әмірбек Сапаров

2 - орын: Нұрасыл Жұмабек

3 - орын: Зейнеп Сұлтанбек

Зейнеп:

- Мен Халықаралық шахмат шеберлігімнің деңгейін Мальдив аралдарында қорғадым, қазір Индонезиядағы жарыстарға қатысуды жоспарлап отырмын. BI Group компаниясына осы іс-шараны ұйымдастырғаны үшін, Шахмат күніне жасалған құрметтері үшін алғысымды білдіремін. Барлығы да жоғары деңгейде өтті.

Сондай - ақ турнирдің ең жас қатысушысы Даяна Балтабек және ең жас қатысушысы Сергей Ни марапатталды.

Барлық шақматшыларды құттықтаймыз!

Анықтамалық:

BI Group компаниясы филантропиялық бағдарынан айнымай, 27 жылдан бері қоғам өміріне белсенді түрде қатысып келеді. Холдинг көптеген әлеуметтік, қайырымдылық жобаларды жүзеге асырды. Олардың ішінде: BI-Juldyzai корпоративтік қоры, "Бақытқа апарар соқпақтар" - Алматыдағы тау соқпақтарын абаттандыру жобасы, BI Marathon сияқты спорттық бастамалар, сондай-ақ BI Green эко қозғалысы және тағы басқалар.

"Адырна" ұлттық порталы

Пікірлер