"Жанболатқа қауіп төніп тұр!": Инга Иманбай қорғаушы мәртебесінен айырылды

5185
Adyrna.kz Telegram

Белсенді Инга Иманбай күйеуі Жанболат Мамай ісінде қорғаушы мәртебесінен айырылды. Бұл туралы ол өзінің Facebook парақшасында хабарлады, деп жазады "Адырна" ұлттық порталы.

Инга Иманбайдың хабарлауынша, Алматы прокуратурасы оған Жанболаттың ісі бойынша" куәгер" екенін алға тартып, бейсенбі күні күйеуіне кіргізбеген.

"Жанболатқа қауіп төніп тұр! Бүгін мені оған кіргізбеді. Енді мүлде кіргізбейміз, көрсетпейміз дейді. Алматы қаласы прокуратурасы мені Жанболаттың қорғаушысы статусынан айыратын қаулы шығарып, түрмеге өткізіпті. Сылтаулары: 4 қаңтар күні Жанболатпен бірге митингке шыққан мен іс бойынша куәгер екенмін-мыс. Иә, заңды күйеуіме қарсы куәлік етуге мәжбүрлемек болғандары рас. Бірақ, мен Жанболатқа қарсы куәлік беруден бас тартқанмын, іс бойынша жақын туысыма куәгер болмау менің заңды құқығым. Енді жарымды заңсыз, жаламен түрмеге қамағандары аздай, өзімді ұрып-соғып қанағадары аздай, менің заңды құқығымды осылай аяқ асты ету керек пе?! Бұл не деген сұмдық?", - деп жазды ол.

"Адырна" ұлттық порталы 

Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Девушка из г Вашингтон опозорилась на всю Беларусь! Видео ошеломит
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Позвали Таню, и жены начали уводить мужей. Не стесняется стыдобы
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Пышнотелая танцовщица заставила зал замереть! Только посмотрите
Пікірлер