Гаагадағы Халықаралық сот Ресей украиндарды геноцидке ұшыратты деген істі күзде қарамақ

4108
Adyrna.kz Telegram
Фото: telegraf.com.ua
Фото: telegraf.com.ua

Гаагадағы Халықаралық сот Ресей украиндарды геноцидке ұшыратты деген ісін күзде қарайды. Бұл туралы Украинаның Халықаралық соттағы агенті, Сыртқы істер министрлігінің ерекше тапсырмалар жөніндегі елшісі Антон Корыневич мәлімдеді, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы.

«Біз 1 шілдеде меморандум жасадық. Ал Ресейде қарсылық білдіру үшін 3 ай уақыт бар. Содан кейін сот істі мәні бойынша шешуге көшуі мүмкін», - деді Корыневич.

Айта кетейік, 1 шілдеде Украина геноцид конвенциясының актісі бойынша Ресеймен Халықаралық сотқа Меморандум берген болатын.

Еске салайық, 16 наурызда Гаагадағы Халықаралық сот Ресейге 2022 жылдың 24 ақпанында Украинада басталған соғыс қимылдарын тоқтатуды бұйырды. Оның мақсаты Луганск пен Донецктегі болжамды геноцидтің «алдын алу және жазалау» болды. Ал Кремль бұл шешімді елемейтінін айтты.

”Адырна” ұлттық порталы

Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Суставы болят не от старости! Найден злейший враг боли в суставах
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Видео: малютка и бабуля обсуждают жизнь — умора
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Чтобы суставы не хрустели, а боль ушла, перед сном мажьте этим...
Пікірлер