Отбасылық-тұрмыстық құқық бұзушылық саласындағы заңға өзгерістер енгізіледі

757
Фото: factcheck.kz
Фото: factcheck.kz

Тұрмыстық қылмыстар саласында заңнамалық түзетулер енгізіледі. Бұл туралы ашық алқа мәжілісінде Ішкі істер министрі Марат Ахметжанов мәлімдеді, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы. 

Жыл басынан бері полицияға тұрмыстық зорлық-зомбылық туралы 70 мың хабарлама келіп түскен. Олардың 43 000-ы «есептен шығарылды», өйткені жәбірленушілер полиция келген кезде арыз беруден бас тартты. Бұл зорлаушының құрбанынмен татуласуына немесе кек алуынан қорқуына байланысты.

Қазіргі уақытта полицияның бұл саладағы өкілеттігі шектеулі. Полицейлер арыз болған жағдайда ғана «үйдегі» тирандарды жауапқа тарта алады. Сондықтан қоғамда денеге жеңіл зиян келтіру және ұрып-соғу әрекетін қылмыстық жауапкершілікке тарту тезисі белсенді түрде насихатталуда.

“Әкімшілік қамауға алу мерзімін ұлғайтып, ескерту  орнына қоғамдық жұмыстарды енгізу керек. Денсаулыққа зиян келтірумен байланысты қылмыстардың жекелеген белгілеріне «отбасы-тұрмыстық қатынаста болатын адамға қатысты» деген біліктілік белгісі енгізілсін. Тараптардың татуласу мүмкіндігі тек сотта және бір рет қана болады”, – деді министр.

Ол сондай-ақ заңнамалық түзетулер пакеті дайындалып, мемлекеттік органдардың бекітуіне жіберілетінін айтты.

”Адырна” ұлттық порталы 

Пікірлер
Ұқсас жаңалықтар
Серіктестер/Партнеры
Студия IMA - создание сайтов Доставка цветов Астана - Lova Buket