Шетелден дайын спортшыларды сатып алуды доғару керек! - Өмір ШЫНЫБЕКҰЛЫ

5277

"Шетелден дайын спортшыларды сатып алуды доғару керек! Бұған Заңмен тыйым салу керек!" Бұл пікірді белгілі ұстаз, тарихшы Өмір Шыныбекұлы Adyrna.kz тілшісіне берген сұхбатында айтты. 

"Шетелден дайын спортшыларды сатып алуды доғару керек! Бұған Заңмен тыйым салу керек! Соларға жұмсалған ақшаны балалар және бұқаралық спортқа жұмсаған жөн. Мысалы, менің ауылымда Төле би ауданы, Қасқасу ауылында бір кәсіпкер үлкен спорт кешенін салып, ел игілігіне берді. Енді соны мемлекет қаржыландырмай отыр дейді. Құр бос тұр. Міне, жаңа кеткен ақшаларды мемлекет өзіміздің спорт кешендеріне құйып, түрлі секциялар ашса, жаттықтырушыларға жалақы төлесе, ауылдың балалары барып, жаттығатын еді. Спорттың түр-түрін дамытуға болатын еді. Сондықтан балаларымызға көңіл бөліп, өзімізді өсіруіміз керек. Волейболдан болсын, басқасы болсын бір сәтте чемпион болды деп мақтанып, елімізді танылтты деген таза дарақылық. Ал танылтты делік. Ары қарай не болды? Сондағысы ауылдың балалары, жастардың көбісі базарларда арба итеріп, таксист болып, дүкендерде, түрлі кәсіпорындарда күзетші болып жүр. Енді олардың балалары да кейін осындай болуы керек пе?! Міне, осыған жіті назар аударуымыз керек", - дейді Өмір Шыныбекұлы.

 

Зарина ӘШІРБЕК,

"Адырна" ұлттық порталы 

Пікірлер
Редакция таңдауы
Серіктестер/Партнеры
Студия IMA - создание сайтов Доставка цветов Астана - Lova Buket