“Жас Отан” жастар қанатының атауы “Жастар Рухы” деп өзгертілді

1821

Жас Отан” жастар қанатының атауы “Жастар Рухы” деп өзгертілді. Бұл туралы "AMANAT" партиясы жастар қанатының кезектен тыс VI Съезінде белгілі болды, деп жазады “Адырна” ұлттық порталы.

ЕУРО-2022-нің үздік шабуылшысы атанған «Қайрат» футзал клубының шабуылшысы Біржан Оразов партияның жастар қанатының атауын өзгертуді ұсынды.

«Жаңа Қазақстанды өз Отанын сүйетін, білімді, парасатты, дарынды, рухты жастар құратыны сөзсіз. Сондықтан бүгінгі делегаттарға партияның жастар қанатының атауын «Жастар Рухы» деп өзгертсек деген ұсынысым бар», – деді Біржан Оразов.

Бұл шешімді іс-шараның барлық қатысушылары қолдады. Енді "AMANAT" партиясының жастар қанаты “Жастар Рухы” деп аталады.

"Адырна" ұлттық порталы 

Пікірлер
Редакция таңдауы
Серіктестер/Партнеры
Студия IMA - создание сайтов Доставка цветов Астана - Lova Buket