Алматы мен Нұр-Сұлтан өмір сүруге ең қымбат қалалар тізіміне енді

852

Алматы мен Нұр-Сұлтан өмір сүруге ең қымбат қалалар тізіміне енді. Бұл туралы  Tengrinews.kz хабарлады, деп жазады "Адырна" ұлттық порталы. 

Зерттеу нәтижелері Numbeo сервисі сайтында жарияланған. Рейтингке 2022 жылдың бірінші жарты жылдығының қорытындысы алынған. Бермуд астанасы - Гамильтон - 2022 жылдың бірінші жартыжылдығында өмір сүру құны бойынша қалалар рейтингінде бірінші орынға шықты.

Ең қымбат қалалар тізімінде екінші орында - Базель (Швейцария), үшінші орында - Цюрих. Сондай-ақ, ондыққа Цуг (Швейцария), Лозанна (Швейцария), Берн (Швейцария), Женева (Швейцария), Гонолулу (АҚШ), Санта-Барбара (АҚШ) және Нью-Йорк (АҚШ) кірген.

Тізімге Қазақстан қалалары ішінде Алматы мен Нұр-Сұлтан кірген. Олар 466 және 475 орындарды иеленді.

"Адырна" ұлттық порталы 

Пікірлер
Редакция таңдауы
Серіктестер/Партнеры
Студия IMA - создание сайтов Доставка цветов Астана - Lova Buket