Бүгін Алматыдағы зиялы қауым өкілдері ҚР Премьер-Министрінің орынбасары Ералы Лұқпанұлы Тоғжановпен кездесіп, көкейдегі сұрақтарымызды қойып, жауаптарын да алдық.
Микрофон алғанымда тарихтан білетін хандықтағы билер кеңесі мемлекеттің саяси-құқықтық, әскери-дипломатиялық, әлеуметтік-экономикалық жағдайын тек әдеттегі құқықпен ғана емес, елдің рухани-мәдени салт-дәстүрімен ұштастыра отырып қамтамасыз еткенін, «Қасым ханның қасқа жолы», «Есім ханның ескі жолы», «Әз Тәукенің Жеті жарғысы» заңдар жинағындағы негізгі қағидалар мен нормаларды толық меңгеріп қана қоймай, ел-жұртының әдет-ғұрпын, шежіресін, тарихын, кемел пікірлерін шешен тілмен жеткізе алатын дара жандар болғанын айта келе, бәріміз бір тіл аясында ойланған кезде басқа да көптеген мәселе шешілетінін және т.б. ойларымды ортаға салдым.
Бар болайық, бай болайық (рухани жағынан да, материалдық жағынан да).
Ержан Жұмабекұлы
Ақын, Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі