Шымкентте жаңа ауданның территориясы белгіленді

2202
Adyrna.kz Telegram

Шымкент қаласы мәслихатының сессиясында қалалық әкімдік пен мәслихаттың жаңа ауданның территориясын белгілеу жөнінде бірлескен шешімі қабылданды.

Жаңа аудан қаладағы бесінші аудан болмақ.

Шымкент қаласы - еліміздегі үш мегаполистің бірі. Қала аумағы Алматы (682 км²) және Нұр-Сұлтан (797,33 км²) қалаларынан үлкен - 1 170 км². Бесінші ауданды құру қажеттілігі қала территориясын одан әрі дамыту мен саны күн санап өсіп келе жатқан қала халқына сапалы қызмет көрсетуден туындап отыр.

Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтенов жоғарыдағы қажеттіліктерге сәйкес бесінші аудан ашу жөнінде ұсыныс енгізген болатын. Орталық мемлекеттік органдар тарапынан ұсыныс қолдау тауып, бір жылға жуық жұмыстың нәтижесінде жаңа ауданның территориясы белгіленді. Жаңа аудан өз қызметіне кіріскенше әлі бірнеше процедуралық жұмыстар бар.

Жаңа аудан құтты болсын!

Еуропаның бірнеше елі сиып кететін Қазақстанымызда облыстар, қалалар, аудандар жабылмасын, тек қана осылай ашыла берсін!

Шыңғыс МҰҚАН Facebook парақшасынан

Пікірлер