Қолы жоқ такси жүргізушісіне халық су жаңа көлік сыйлады

640

Журналист Мақсат Толықбай оң қолы жоқ, алайда соған қарамастан такси жүргізушісі болып жүрген Ақарыс есімді азаматқа су жаңа көлік сыйланғанын сүйіншілетті, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы. 

Сүйінші!! Алты алаштың атынан Ақарысқа темір тұлпар мінгіздік. Мүгедектігіне механика машақат болған таксишінің автомат алсам деген арманын орындадық.

"kia k5" маркалы машина клиентке де, таксиге де қолайлы.

Кореядан келген күйі осы. Ақырыс Қазақстандағы бірінші қожайыны. Құтты болсын, игілігіңізге мініңіз!

Айта кетейін, осыған бірнеше күн бұрын яндекс таксиге отырдым. Қарасам, жүргізушінің оң қолы жоқ. Расында механика ыңғайсыз, коробка автомат алу керек қой дедім. "Оған жағдай қайда, арманым да сол" дейді. Қолым жоқ демей, күндіз-түні жолаушы тасып, бала-шағасын асырап, адал нәпақа тауып жүрген азамат. Ақарысқа коробка автомат көлік сыйлап қуантсақ қайтеді" деп ұсыныс тастаған едім, инстаграмдағы "Мақсаттың армиясы" қолдай кетті. Сол үшін қара ормандай қалың қолдаушы оқырманға мың алғыс!

Сонымен қатар, Dulat Tastekey ге ерекше рахмет!

Телефонмен сөйлестік:

"Инстаграмнан видеоңды көрдім, қанша ақша жиналды?" деді. Оқырмандарым бір күннің ішінде 5 миллион теңгеге жуық қаржы жинап бергенін айттым. "Бейнетте жүрген жігіт екен, әперген соң көліктің жақсысын сыйлайық, мен өз атымнан тағы 5 миллион теңге қосайын"деді. Дәкең мәрт азамат қой. Былтыр батысқа шөп жинаған Құрмет Талапқазыға үй әперетін кезде де жарты ақшасын өзі көтерген еді. " Көп түкірсе көл" деген осы”,- деп жазды ол өз facebook парақшасында.

“Адырна” ұлттық порталы

Пікірлер
Редакция таңдауы
Серіктестер/Партнеры
Студия IMA - создание сайтов Доставка цветов Астана - Lova Buket