Қазақстанды Украинадағы соғыспен қорқытқан ресейлік журналист Кеосаянның YouTube-тағы авторлық каналы бұғатталды

6670
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/content/uploads/2022/07/62c6a45e7eaeb883210446-960x500.jpg?token=1d29c7878ccc9f8de72ef30bb16ff7d3
Қазақстанды Украинадағы соғыспен қорқытқан ресейлік журналист Тигран Кеосаянның YouTube-тағы авторлық каналы бұғатталды. Бұл туралы ол Telegram арнасында жазды, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы. 
«Болды. Менің ютуб-тағы авторлық «Кеосаян daily» атты каналым бұғатталды. Таңқалған жоқпын», - деп жазды ол Telegram-каналында.
Айта кетейік, сәуірде Кеосаян YouTube арнасында видео жариялап, қазақстандықтар «Украинаға қарасын» деген мағынада мәлімдеме жасаған еді.Кейін оның Қазақстанда террористермен бірге бір тізімге енгізілгені белгілі болды.

”Адырна” ұлттық порталы 

Комментарии