Алматы облысында алкоголь өнімдерін қолдан заңсыз дайындап келген жасырын цех табылды

3509
Adyrna.kz Telegram
Фото: egemen.kz
Фото: egemen.kz
Алматы облысы Іле ауданында алкоголь өнімдерін қолдан заңсыз дайындап келген жасырын цех табылды. Бұл туралы Қаржы мониторингі агенттігі мәлімдеді, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы.
Қаржы мониторингі агенттігі мәліметінше, аумақтық департамент қызметкерлері жедел-іздестіру шаралары барысында қолдан жасалған есепке алу-бақылау таңбалары бар суррогат алкоголь өнімін өндірген жасырын цехты жойған.
Анықталғандай, Іле ауданының тұрғыны жер үйдің аумағындағы үй-жайда антисанитариялық жағдайда қолдан алкоголь өнімдерін заңсыз дайындаған.
Оқиға орнын тексеру барысында есепке алу бақылау маркалары, алкоголь өнімі, спирт және алкоголь өнімдерін құюға және дайындауға арналған түрлі заттар тәркіленді. Сотқа дейінгі тергеу басталды.
Қылмыстық-процесстік кодекстің 201-бабына сәйкес өзге мәліметтер жария етілмейді.
“Адырна” ұлттық порталы
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Пышнотелая танцовщица заставила зал замереть! Только посмотрите
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Девушка из г Колумбус опозорилась на всю Беларусь! Видео ошеломит
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Позвали Таню, и жены начали уводить мужей. Не стесняется стыдобы
Пікірлер