Нұр-Сұлтанда әуе шары құлады

3168
Adyrna.kz Telegram
Фото: Qazaqstan.tv
Фото: Qazaqstan.tv

Нұр-Сұлтан қаласында ауа райының қолайсыздығынан әуе шарын жел ұшырып әкетті. Бұл туралы қалалық ТЖД баспасөз қызметі мәлімдеді, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы.

Сонымен қатар, оқиға орнынан куәгерлер видео түсіріп алған. Astanovka98 Telegram-арнасы кадрларды бөлісті.

Құлаған сәтте шар себетінде ересектермен қатар балалар да болған. Жерге түскен бойда әуе шарын жел алып кетпес үшін бірнеше адам оны ұстап қалуға әрекет етеді.

"Қаза болғандар мен зардап шеккендер жоқ. 112 қызметіне бұл оқиға бойынша ешқандай ақпарат түскен жоқ", - деді департаменттің баспасөз қызметі.

Айта кетейік, қалалық ТЖД 6 шілде күні күн райының қолайсыз болатынын хабарлаған болатын. Осыған орай төтенше жағдайлар қызметі азаматтарды абай болуға шақырады.

Адырна” ұлттық порталы

Пікірлер