Каспий құбыр желісі консорциумы (КТК) тағы жабылды

3516
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/content/uploads/2022/07/izobrazhenie_2022-07-06_105009311.png
Новороссийск қаласының Приморск аудандық соты 5 шілдеден бастап Каспий құбыр консорциумының (РФ және Қазақстанның қатысуымен КҚК компаниясы) қызметін 30 күнге тоқтату туралы шешім қабылдады, - деп хабарлайды "Адырна" тілшісі РБК-ға сілтеме жасап. Оған себеп Ространснадзордың КҚК өндіріс орындарында экологиялық бұзушылықтарды анықтаған тексеруі болды. Тексеру 6 мамырда вице-премьер Виктория Абрамченконың тапсырмасы бойынша өтіп, бір айдан кейін хаттама жасалған.
"Каспий құбыр консорциумы Ресей Федерациясының заңнамалық шеңберінде жұмыс істейді және сот шешімін орындауға мәжбүр. Шешім заңда белгіленген тәртіппен шағымданады", - деді компания өкілдері.
КҚК-ның ең ірі акционерлері – Транснефть (24 пайыз) және ҚазМұнайГаз (19 пайыз). Ұзындығы 1511 шақырым болатын Теңіз-Новороссийск мұнай құбыры Қазақстанның жалпы экспорттық мұнайының үштен екісінен астамын береді. CPC теңіз терминалы үш қашықтан байлау қондырғысымен жабдықталған.  
Комментарии