Атқаннан сатқан жақсы

1918
Adyrna.kz Telegram

Киікті ату жөнінде шешім шыққан екен. Демек, ол енді атылады. Атылғанда да оның етін ешкім пайдалана алмайды. Өйткені, біздің елде оның етін пайдаланудың ешқандай стандарты белгіленбеген екен(Ол жайлы күні бойы зерттегендіктен нақты айтып отырмын).
Яғни, атылған киіктің етін не базарда сата алмайсың. Не "Жетімдер үйіне" бере алмайсың. Не шұжық цехтарына бере алмайсың. Қысқасы, атылған жерінде борсып қалады. Не болмаса атқандардың ағайын-туысы бір "шала байып" қалады.

Көбейіп кеткен киіктерді пайдаланудың екінші жолы бар екен. Ең тиімді жолы - Біздің киіктерді әлемдік Зоопарктер мен табиғи парктерге сату. Оны сатудың бір ғана жолы және бір ғана құзіреті бар мекеме бар екен. Ол - Шымкент Зоопаркі. Олардың функционалды қызмет ережелеріне енгізілген. Бұл жайлы бүгін Шымкент Мемлекеттік Зоологиялық Саябағының директоры Нұрғазы Бұхарбай ағамызды арнайы іздеп барып ережелерімен танысқанымда, Нұрғазы ағамыз да осындай ойдағы хатын тиісті органдарға әзірлеп жатыр екен. Демек, біздерде өзіміз көбейткен киіктерді табыс көзіне айналдыруға болатын осындай тиімді жолы бар. Неге соны пайдаланбасқа?!

Біздің киіктердің арқаның шөлді-шөлейтті жерлері мен қақаған қысына төзімділігі, олардың Канаданың қысынан бастап Африканың шөліне дейін шыдайтынына ешкімнің шүбәсі болмас. Әлемнің Ұлттық табиғи парктері мен Зоопарктерінде үлкен сұранысқа ие болатынына сенімдімін.
Үкіметтің қазіргі "артық" деп шығарып отырған 80 мың басын, жыл сайын 5-10 мыңнан сатып отырып-ақ реттеуге болады.
Әрі, өзімізде саны азайып жатқанда өзге жақтан әкеліп те толтыруымызға мүмкіндік береді.

Сол киіктерді қорғаудың өзі бюджетке қаншама қайтарымсыз шығын болуда. Бүгінгі таралған ақпарат бойынша министірлік киіктерді атуға 800 млн т қаржы бөлмек көрінеді. Неге сол шығындарымызды осындай альтернативті жолдармен өзін-өзі жауып отырмасқа?!

Бұл ұсыныстың тағы бір пайдасы - Өзге елдің Ұлттық паркі мен Зоопаркіндегі біздің киіктерді таныстырғанда Қазақтсанның да аты айтылады. Жер-суы таныстырылады. Бұл дегеніміз - Еліміздің қосымша жарнамасы.

Нұрғазы ағамыз жақын күндері тиісті органдарға ұсыныс хат жолдайтынын жеткізді. Бұйырса, халық қолдап жатса, әр басын тірідей 500$-дан сатсақ та Қазақтың қазынасына қаржы түсіріп отыруға мүмкіндік беретін жолы қалыптасуы мүмкін.
Сондықтан, Қазақстандағы киіктердің атылуына қарсы азаматтар осы ұсынысымды қолдайды деп үміттенемін.

Пікірлер