ОҢҒАР ҚАБДЕН: Ашхабад астанадан үлгі алсын

3475

Ашхабадтағы ауруханаларда аптап ыстықтан зардап шеккендерге орын босату үшін емі бітуге таяу қалған науқастардан емді үйде аяқтауды сұрауда, деп хабарлайды «Хроника Түркіменстан» басылымы.

28-29 маусымда экс-президент, түрікменнің маңдайына Құдай берген Аркадагы Гурбангулы Бердімұхамедовтың мерейтойына байланысты бұқаралық іс-шараларға қатысқан жүздеген студенттер, мемлекеттік мекеме қызметкерлері, әртістер мен музыканттар апатап ыстықтан ауруханадан бірақ шыққан. Олардың жағдайы орта және ауыр деп айтылуда.

Безмейн ауданында және Ашхабад маңындағы Ақ киіз үйде (28 және 29-ында шетелдік жұлдыздардың қатысуымен концерттер болған жерлер) ыстықтан құлаған жұртты тасуға жедел жәрдем көліктері үлгермеген.

Бұл күндері ауа температурасы 47 градус, кейбір өңірлерде тіпті 48,5 градусқа дейін көтерілгеніне қарамастан, билік елордада да, аймақтарда да жаппай шараларды тоқтатпаған. Әлемдік БАҚ Түркіменстанның осы даңғазалығына таңдай қағып, бас шайқап жатыр.

Қазақстанда да күн күйіп тұр. Алтыншы шілдеге де 3-4 күн қалды. Әйтеуір Назарбаевтың туған күнін тойлауға Ақорда тыйым салғаны қандай жақсы болды. Әйтпесе, "балапанындай баптаған", "Нұх пайғамбардай халқына жақсылық жасаған", "қазақ тарихындағы 128 хан-сұлтан жасамаған істі бір өзі жасаған", "шекарамызды бекітіп", "мемлекетті өзі құрған" Назарбаевтың туған күні деп мына аптап ыстықта біз де шетімізден талып жатар ма едік?

Пікірлер
Редакция таңдауы
Серіктестер/Партнеры
Студия IMA - создание сайтов Доставка цветов Астана - Lova Buket