«Ең сұмдық террорлық әрекет»: Ресей Украинадағы сауда үйін атқылады (ВИДЕО)

5507
Adyrna.kz Telegram

Украинаның Кременчуг қаласындағы сауда орталығы зымыранмен атқыланды. Бұл туралы жергілікті облыстық әскери әкімшіліктің басшысы Дмитрий Лунин айтты, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі.

Соққы салдарынан кем дегенде 18 адам қаза тауып, 59 адам жарақат алған.

Украина билігінің мәлімдеуінше, шабуылды Ресей әскери күштері жасаған. Зымыран «Амстор» сауда орталығына құлады. Ол өрттің салдарынан толығымен жанып кетті.

«Бұл шабуыл Еуропа тарихында болған ең сұмдық террорлық әрекет болды. Сауда орталығында әйелдер мен балалар жүрген еді. Әуе дабылы жарияланбас бұрын онда мыңға жуық адам болды. Абырой болғанда, көбі құтқарылып, аман қалды»,— деді Владимир Зеленский.

Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Девушка из г Вашингтон опозорилась на всю Беларусь! Видео ошеломит
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Танец выпускников взорвал интернет: Смотреть до конца!
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Не смейте выбрасывать зажимы от хлебных упаковок: они бесценны
Пікірлер