Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев кеше Нұр-Сұлтанда Қырғызстанның бұрынғы президенті Асқар Ақаевты жұбайымен қабылдады, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы "orda.kz"-ке сілтеме жасап.
Бұл туралы қырғызстандық 24.kg хабарлайды.
Тараптар ғылым, білім, цифрлық экономика және адам ресурстарын дамыту тенденциялары мәселелерін, сондай-ақ климаттың өзгеруі мәселелері мен әлемде болып жатқан оқиғаларды талқылады.
Асқар Ақаев 19 маусымда әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде «Ежелгі дәуірдегі демографиялық динамика және адамзат болашағы» тақырыбында дәріс оқыды.
Еске салайық, Қырғыз Республикасының биліктен кеткен тұңғыш президенті Асқар Ақаев Бішкекке соңғы рет 2021 жылдың 14 желтоқсанында ұшып келді. Сол кзде ол Ұлттық қауіпсіздік комитетіне жауап беріп, тергеумен мәмілеге келіп, «Құмтөр» ісі бойынша кінәсін мойындады.
"Адырна" ұлттық порталы