Шымкентте түрме бастығы сотталды

2691
Adyrna.kz Telegram
Фото: ашық дереккөз
Фото: ашық дереккөз

Шымкенттегі ИЧ 167\3 түзеу мекемесінің бастығы 9 жылға сотталды. Ел «31-аймақ» атайтын түзеу мекемесінің экс-басшысы сотталғандардан пара алғаны үшін бас бостандығынан айырылды, деп хабарлайды «Адырна» ұлттық порталы «Астана» телеарнасына сілтеме жасап.

Әл-Фараби аудандық соты төрағасының мәліметінше, Жүнісбеков мекеме басшысы бола тұра сотталған алты адамнан 4 млн теңге көлемінде пара алған.

«Ол ауызбастырықты жазасын өтеушілердің жазасын жеңіл жазаға ауыстыру, мерзімінен бұрын шартты түрде босату немесе оларды жеңіл мекемеге ауыстыру бойынша алған. Яғни, тездетіп құжаттарды сотқа жіберіп, жағымды мінездеме беріп, көмектесуі үшін сұраған, - дейді сот төрағасы Еркебұлан Төлешов.

Жүнісбеков жазасын қауіпсіздігі орташа түзеу мекемесінде өтейді. Үкім әлі заңды күшіне енген жоқ.

«Алты көрініс бойынша Жүнісбековтың кінәсі толығымен дәлелденді.  Алайда ол кінәсін мойындаған жоқ. Дегенмен алты азаматтың жауабы, басқа да куәгерлердің жауабымен сот оның кінәсі дәлелденді деп шешім қабылдады. Жаза бойынша бүкіл жеңілдететін және ауырлататын мән-жайларды ескере келе, сот Жүнісбековті 9 жылға бас бостандығынан айыру жазасын тағайындады», - деді Әл-Фараби аудандық сотының төрағасы Еркебұлан Төлешов.

 

«Адырна» ұлттық порталы

Пікірлер