БҚО-да 4 жасар баланы тоқ ұрып, екі қолынан айырылды

2918
Adyrna.kz Telegram

Батыс Қазақстан облысының Жаңақазан ауылында 4 жасар баланы тоқ соғып, нәтижесінде бүлдіршін екі қолынан айырылды, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі «Хабар 24»-ке сілтеме жасап.

Ол электр станциясының аумағына кіріп кеткен. Бала облыстық ауруханаға жедел жеткізілген. Алайда жарақаты ауыр болғандықтан, дәрігерлер ампутация жасауға мәжбүр болды.

Зардап шеккен Аманжол Сисенғалиев отбасындағы 4 баланың кішісі. Мамандар жағдайы орташа ауыр деп бағалап отыр.

Қазіргі таңда еріктілер қор құрып, балаға протез алу үшін қаражат жинауға кірісті.

Айта кету керек, аймақта электр тораптарының 83% әбден ескірген. Тозған желілер жиі үзіліп, адамға да, малға да қауіп төндіріп отыр. Ал тұрғындар сала мамандары салғырт деп ашынады. Оқыс жағдайға қатысты қылмыстық іс қозғалып, тергеу жүріп жатыр.

Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Не смейте выбрасывать зажимы от хлебных упаковок: они бесценны
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Галкин и Пугачева станцевали зажигательный танец на Кипре
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Девушка из г Вашингтон опозорилась на всю Беларусь! Видео ошеломит
Пікірлер