Атырауда екі ер адам шұңқырға тірідей көміліп қалды

3724
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/content/uploads/2022/06/0fb89f2c-6429-475a-aff9-2995f3af2243-960x500.jpeg?token=1b7db9946792e5f2c576e43e5db40e9d
Атырауда шұңқыр қазып жатқан екі ер адам топырақтың астында қалып, қаза тапты, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі. Қайғылы оқиға 18 маусым күні болған. Қалалық ПД-ның мәлімдеуінше, олар құбырды жөндей бастағанда, жер опырылып түскен.
«Маусымның 18-і күні «Жұлдыз» шағын ауданында үйдің жанынан шұңқыр қазып жатқан кезде су құбыры жарылған. 1989 және 1999 жылы туған екі ер адам қайтыс болды: оларды топырақ басып қалды»,– деді ведомство.
Комментарии