Қазақстан 2045 жылға дейін ядролық қаруды толық жоюдың кезеңдік жоспарын әзірлеуге шақырады

2487
Adyrna.kz Telegram

Ядро­­лық қаруға тыйым салу туралы шартқа қатысушы мем­лекеттердің ал­ғашқы кездесуі 2022 жылы 21-23 мау­сымда Вена қала­сын­да өтеді. Бұл туралы Премьер-Министрдің орынбасары – Сыртқы істер министрі Мұхтар Тілеуберді айтты, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі.

«Шарттың 2021 жылы қаң­тар­да күшіне енуі БҰҰ-ға мүше мемлекеттердің ядролық қа­ру­ды делигитимациялау – оны заңнан тыс деп жария­лау жөнінде нақты шаралар қа­­был­дауға деген шешімін көр­­се­тетін, күтілген сигнал бол­ды. Бұл – ядролық сынақтардың барлық зиянды салдарын бастан кешірген халқымыз үшін ерекше оқиға. БҰҰ Бас Ассамблеясының 75-ші сессиясында сөйлеген сөзінде Қазақстан Респуб­ли­касының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев атап өткендей, «Бүгінде Қазақстан өзінің ядролық зымыран арсеналынан өз еркімен бас тартқан және әлемдегі ең ірі атом сынақ полигонын жапқан жауапты мемлекет ретінде бүкіл әлем үшін мысал және үлгі». Украинадағы қазіргі әскери қақ­тығыс, ядролық қаруды қайтару туралы әңгі­мелер және оны қолданудың қауіп­тері бізді адамзаттың ұжымдық осалдығы ту­ралы және қырғынға ұшырататын қа­руға тыйым салу мен жоюдың шұғыл қа­­жеттілігі туралы ойлануға мәжбүр етеді. Біз барлық мемлекеттерді, соның ішінде ядролық державаларды, БҰҰ-ның 100 жылдық мерейтойына орай, 2045 жылға дейін ядролық қаруды толық жоюдың кезеңдік жоспарын әзірлеуге шақырамыз. Осы мақсатқа қол жеткізу туралы ұсыныстар мен уағдаластықтар ЯҚТСШ-ның бірінші конференция­сы­ның да, ЯҚТШ-ның шолу конферен­ция­сының да қорытынды құжаттарында көрсетілуі мүмкін. Қазақстан осы игі мақсатқа қол жет­кізу жолында көптеген саяси және тех­никалық кедергілер бар екенін түсінеді. Осы бағытта практикалық жұмысқа кірісуді қажет деп санаймыз»,– деді ол.

Пікірлер