Тоқаев іріткі салушы ресейлік депутаттарды сынға алды

3446
Adyrna.kz Telegram
Фото: Akorda.kz
Фото: Akorda.kz

Мемлекет басшысы  Қасым-Жомарт Тоқаев «Жаңа әлем – жаңа мүмкіндіктер» атты Петербург халықаралық экономикалық форумының 25 жылдығына арналған жиынның пленарлық отырысында іріткі салушы ресейлік депутаттарды сынға алды, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы.

«Мүмкін бұл ыңғайсыздау болар, бірақ мен осы бір трибунаны пайдалана отырып, Қазақстанға қатысты кей ресейлік депутаттардың негізсіз сөздеріне наразылық танытқым келеді. Олардың ішінде журналист, мәдениет қайраткерлері де бар.

Біздің арамызда қандай да бір үлкен мәселелер жоқ. Барлық іріткі салу әрекеттері біздің халықтарымыз бен Ресейдің өзіне зиянды. Осы бір мәлімдемелер (Қазақстанға қатысты негізсіз сөздер) маған мүлде түсініксіз. Қазақстан басшысының шешімдерін немесе еліміздегі жағдайға негізсіз пікір білдіру арқылы, олар нені көздеп жүр?!», – деді президент Тоқаев.

”Адырна” ұлттық порталы

Пікірлер