Таразда ерекше режимдегі түзеу мекемесіндегі 39 сотталған азамат аттестат алды

2858
Adyrna.kz Telegram
Фото: Polisia.kz
Фото: Polisia.kz

Таразда ерекше режимдегі түзеу мекемесіндегі 39 сотталған азамат аттестат алды, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы. 

Маусым айында еліміздің барлық мектеп бітірушілері мемлекеттік емтихан тапсырып, қолдарына аттестат алады. Мұндай қуанышты күн Тараз қаласындағы ЖД-158/7 мекемесіндегі жазасын өтеушілер арасында да салтанатты жағдайда өтті. Мекеме жанындағы кешкі мектепті тәмамдаған сотталғандарға жалпы орта білім және негізгі орта білім туралы аттестат табыс етілді.

Салтанатты шара барысында кешкі мектептің оқу ісінің меңгерушісі Нұрлан Жамашев орта мектепті бітіріп, аттестат алу – жазасын өтеушілер үшін үлкен өмір мектебінің жауапты кезеңі екенін атап өтті.

Айта кетсек, білім алушылар ауыр қылмыс жасап, темір торда жүргенмен, олардың аттестаттарында бұл туралы ешқандай мәлімет болмайды. Оның үстіне, заңға сәйкес жазасын өтеушілердің орта біліммен қатар, кәсіби білім алуларына да мүмкіндік бар.

“Адырна” ұлттық порталы

Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Не смейте выбрасывать зажимы от хлебных упаковок: они бесценны
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Видео: малютка и бабуля обсуждают жизнь — умора
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Запор уйдет за пару часов благодаря этому дедовскому методу!
Пікірлер