Елімізде тағы бір министрлік ашылуы мүмкін

3161
Adyrna.kz Telegram
Фото ашық дереккөзден
Фото ашық дереккөзден

Мәжіліс депутаты Еділ Жаңбыршин Қазақстанда су мәселесіне жауапты жаңа министрлік құру туралы бастама көтерді, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы. 

Депутаттың айтуынша, елімізде су мәселесімен айналысатын орган көп. Яғни су саласының бағыттарын басқару мен реттеу 3 министрлікке бөлініп берілген. Осының салдарына аталмыш саланың потенциалы әлі дұрыс ашылмай отыр.

«Су бізде үлкен - ресурс. Сусыз халықтың әл-ауқатын көтеру мүмкін емес. Сондықтан бір министрлік құрып осы мәселелербдің бәрімен жүйелі түрде айналысуы керек. Тіпті трансшекаралық су ресурстарымен Сыртқы істер министрлігі де айналысып кетеді. Бақташы көп, нәтижесі мардымсыз. Көрші мемлекеттерді алып қарасақ, оларда су шаруашылығымен тиісті министрлік немесе агенттік айналысып отыр. Бұл мәселенің өзекті екенін Мәжіліс төрағасы Ерлан Қошанов атап өтті. Сондықтан су саласына жауапты және Қазақстан атынан халықаралық деңгейде келіссөздер жүргізетін тиісті министрлік құрудың уақыты келген сияқты", - дейді депутат.

Сондай-ақ ол ауыз су мәселесіне қатысты тұжырымдама уақытын ұзарту керек екенін айтады.

«Осыған байланысты Экология министрлігінде дайындалып жатқан су тұжырымдамасының горизонтын 2025 жылға дейін емес, 2030 жылға дейін ұзарту керек. Бұл құжатты дайындауға, талқылауға арнайы ғылыми зерттеу институттары мен мамандарды кеңінен тартқан жөн», - деді Еділ Жаңбыршин Мәжілісте өтіп жатқан Парламанттік тыңдауда.

”Адырна” ұлттық порталы

Пікірлер