Шымкентте әрбір оныншы адам студент, алайда әзірге олардың әрбір оныншысы ғана жатақханадан орын таба алады

1496
Adyrna.kz Telegram

Шымкент - жастардың, студенттердің қаласы. Қаладағы 8 жоғары және 37 орта арнаулы оқу орнында 121 246 студент білім алып жатыр.

Алайда студенттерге арналған 36 жатақханада небәрі 10 679 орын бар. Демек студенттердің 8,8 пайызы ғана жатақханадан орын таба алады.

Жатахқана мәселесі жалпы елімізде өзекті болып отыр. Осы жағдай ескеріліп, мемлекет жатақхана мәселесін қолға алып, қаржыландыра бастады.

Мемлекеттік қолдаудың арқасында былтыр Шымкентте жалпы 1174 орындық 3 жатақхана салынды.

Күні бүгін, қала күні қарсаңынды Ә.Қуатбеков атындағы Халықтар достығы университетінің жанынан 290 төсекорны бар жатақхана ашылды.

Студент кезімде жатақханада тұрған адам ретінде айтайын, бүгін ашқан жайдың аты жатақхана болмаса, құдды бір қонақүй сияқты. Әр қабатта асхана, киім жуатын бөлме, спортзал, әр секцияда әжетхана мен душ, бірінші қабатта медицина бөлмесі.

Кезінде жатахқанада өз бөлмемізде тамақ та істейтінбіз, киім де жуатынбыз, сабақ та дайындайтынбыз. Қуықтай бөлмеде қонақ та күтетінбіз. Ауылдан келген ағайын да түнеп кететін.

Менің жеке ойымша, жатахқанада тұратын студенттер тез әлеуметтенеді, өмірдің мектеп үйретпеген заңдылықтарын тез үйренеді, эмоциялық зердесі дами түседі, жеке өмірге тез бейімделеді.

Не керек, студенттерге жатахқанада тұрып, аталған артықшылықтарды бастан өткеру үшін жыл соңына дейін тағы да бірнеше жатақхана ашуды жоспарлап отырмыз.

 

Шыңғыс МҰҚАН

инстаграм парақшасынан

 

Пікірлер