Елордада жас жігіт баланы судан құтқарып қалды

4136
Adyrna.kz Telegram

Елордада дауыл соғып, қатты жаңбыр жауған кезде жас жігіт баланы өлімнен құтқарып қалды, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы.

Үйдегі балконнан видео түсіріп тұрған жас жігіт судың үстінен кішкентай баланы байқап қалады. Бұл уақытта көшеде адам болмаған.

Жігіт жаңбырға қарамастан үйден жүгіріп шығып, судан баланы іздейді. Көпке дейін ешкімді таба алмаған. Бір кезде “Ағай, көмектесіңізші” деген баланың даусын естиді. Бала бұл уақытта аударылған қайығына әрең жармасып тұрған. Жігіт баланы судан шығарып үлгерген. Артынша үлкендер де жеткен. Байдарка мінген баланың есімі Ұлан екен.

Ал баланы құтқарып қалған кәсіпқой жүзумен айналысатын Шахбек Есмаханов есімді 20 жастағы жігіт. Ол Қазақ технология және бизнес университетінің студенті екен.

“Адырна” ұлттық порталы

Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Чтобы суставы не хрустели, а боль ушла, перед сном мажьте этим...
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Суставы болят не от старости! Найден злейший враг боли в суставах
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Запор уйдет за пару часов благодаря этому дедовскому методу!
Пікірлер