Асқар Жұмаділдаев: "Жаңа Қазақстанда үш ұғым "орындалмаса", мылжың ел болып қаламыз"

3028
Adyrna.kz Telegram
Фото: syr-media.kz
Фото: syr-media.kz

Ұлттық құрылтайдың мүшесі, физика-математика ғылымдарының докторы, ҚР Ұлттық ғылым академиясының академигі Асқар Жұмаділдаев "Nege.kz"-ке берген сұхбатында Жаңа Қазақстан және Ұлттық құрылтай туралы пікірін айтты, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы.

"Мен үшін Жаңа Қазақстан деген ұғым үш нәрседен тұрады. Бірінші, сөз бен істің жақындығы. Екінші – әділеттілік. Үшінші – жалқы ұмтылыс. Осы үшеуі орындалса, төбедегі келеді. Орындалмаса, мылжың ел болып қаламыз.

Міне, осы үшеуін алып қарағанда, президент Тоқаевтың ісі дұрыс бағытта келе жатыр. Шынымды айтсам, бұл кісіге ішкі симпатиям бар. Сондықтан да бұл ұсынысты қабылдадым. Әрине, мұндай әңгімелер бұрын да болған. Ұлттық кеңес деген болды. Жалпы, мен айтатынымды айтып жүрмін. Президент пікірімді қабыл алды. Өзім көп емес, ғылым-білім, қоғам, тіл жөнінде үш-төрт көлемді мақала жаздым. Соны оқыған екі-үш-ақ адам бар. Соның бірі – Қасым-Жомарт Тоқаев. Мен оны анық көрдім", — деді ол.

Сондай-ақ ғалым Президенттің адамды тыңдай білетінін және одан қорытынды жасай білетінін, қазір Мемлекет басшысының бастамасымен ғылым-білімге ерекше көңіл аударылып жатқандығын айтты. Академик ғылым және білім министрлігінің екіге бөлінгеніне де пікір білдірді.

"Министрліктің бөлінгеніне келсем, жаңа министрлікте соншалықты алып бара жатқан жұмыс жоқ. Оның пайдасын қазір көріп тұрғам жоқ. Бірақ жас жігіттің ісіне қарап көрейік", —деді ол.

 

"Адырна" ұлттық порталы

Пікірлер