Нұр-Сұлтанда «Freedom» инклюзивті топтамасының көрсетілімі өтеді

2891
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/content/uploads/2022/06/fd5f1282-36bb-4055-b58e-e606de020429.jpeg
16 маусым күні сағат 18.00-де Нұр-Сұлтан қаласындағы «Керуен сити» сауда орталығында Ерекше балалардың ата-аналары қоғамы «Freedom» инклюзивті топтамасының көрсетілімі мен «Особенное счастье» кітабының тұсаукесерін ұйымдастырады. Дизайнерлік топтамада мүмкіндігі шектеулі жандардың қажеттіліктері ескерілген. Авторы А.Әбдібаитованың «Особенное счастье» кітабының тұсаукесері – Қазақстандағы аутизм туралы ата-ана көзімен жазылған тұңғыш кітап. Қолтаңбаны кітаптың бас кейіпкері бала Әмір Алпамыс береді. Ерекше адамдардың мәселелеріне көңіл бөлу және ата-аналар қауымының бастамаларына қолдау көрсету аса маңызды. Іс-шараның мақсаты - ата-аналар мен балалардың өміріндегі қиындықтарды жеңу әрекеттеріне қолдау көрсету. FREEDOM инклюзивті топтамасы маусымның тенденцияларын көрсетеді. Топта киюге ыңғайлы, табиғи материалдардан жасалған. FREEDOM – Айгүл Қасымова дизайнерлік үйі мен «Fashion park» ЖШС ынтымақтастығы өнімі. Көрсетілімге әдеттегі модельдермен қатар ерекше модельдер, қоғам қайраткерлері, аналар қатысады. Сондай-ақ іс-шара бағдарламасына инклюзивті балалардың орындауындағы концерттік бағдарлама, коллекциялық шоу және автограф сессиясы кіреді.
Комментарии