«Талибан» қозғалысы Ресейге өкілін жібереді

3054
Adyrna.kz Telegram
Фото: kommersant.ru
Фото: kommersant.ru

«Талибан» қозғалысы (Ресей Федерациясында террористік деп танылған және тыйым салынған) маусымның 15-і мен 18-і аралығында өтетін ХХV Санкт-Петербург халықаралық экономикалық форумына (SPIEF) өз өкілін жібереді. Бұл туралы ТАСС дипломатиялық ортадағы дереккөзге сілтеме жасап жариялады, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы.

Талибанның атынан Мәскеудегі Ауғанстан істері жөніндегі уақытша сенімді өкілі Джамал Насир Гархвал қатысады деп көрсетілген.

Сәуір айының басында Ресей дипломатиялық қызметі Ауғанстан елшілігіне Гархвалды Ауғанстанның Мәскеудегі уақытша сенімді өкілі деп тану туралы нота жолдады. Сәуір айының соңында Гархвалдың жұмысқа кірісіп кеткені белгілі болды.

Бұған дейін Росбалт SPIEF-тің бірқатар қатысушылары ұйымдастырушылардан жұмыс орны туралы ақпаратты жасыруды сұрағанын хабарлаған.

“Адырна” ұлттық порталы

Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Видео с выпускного "убило" всех родителей: кто это заснял?!
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Позвали Таню, и жены начали уводить мужей. Не стесняется стыдобы
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Пьяные что ли? Пугачева с мужем шокировали своим развратом
Пікірлер