Газ тапшылығы болуы мүмкін - Министр

636
Фото: kztnews.kz
Фото: kztnews.kz

Мәжілістегі Үкімет сағатында Энергетика министрі Болат Ақшолақов 2025 жылға қарай Қазақстанда отандық газ тапшылығы болуы мүмкін екенін айтты, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы.

«Газ қоры бойынша Қазақстан әлемде 22-орында, ал ТМД елдері арасында Ресей мен Түрікменстаннан кейін үшінші орында. Табиғи газды кеңінен пайдалану мүмкіндігін ескере отырып, әлемдік экономикада оның маңызы зор. Ел ішінде газ тұтыну тұрақты түрде өсіп келеді. 2017 жылдан бастап 2021 жылды қоса алғандағы кезеңде тұтыну 13,8-ден 18,6 млрд текше метрге дейін, яғни, 4,8 млрд текше метр деңгейінде өсті. Газ тұтыну өсімі шамамен 35 пайызды немесе жыл сайын орта есеппен 7 пайызды құрады», – деді Болат Ақшолақов.

Министрдің айтуынша, газ саласын дамытудың негізгі тежеуіш факторы бағаны ұстап тұру саясатына байланысты.

«Осыған байланысты 2025 жылға қарай отандық газдың тапшылығы және импорттық ресурстарға тәуелділік болуы мүмкін», – деді ол.

“Адырна” ұлттық порталы.

Пікірлер
Ұқсас жаңалықтар
Серіктестер/Партнеры
Студия IMA - создание сайтов Доставка цветов Астана - Lova Buket