Ақтауда суға батып кеткен жасөспірімнің мәйіті табылды

2939
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/content/uploads/2022/05/db103b5c-c62f-4699-a761-e7db56eaca09-960x500.jpeg?token=f16b40fd7a34a250b7f44837a75cb756
Құтқарушылар 2 маусымда «Сарбаз жағажайы» ауданында серфингпен айналысамын деп, суға батып кеткен жасөспірімнің мәйітін тапты. Бұл туралы Маңғыстау облысының Төтенше жағдайлар департаменті жариялады, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы. 2005 жылғы жасөспірім Бейнеуден келген. Маңғыстау облыстық ТЖД-дан хабарлағандай, жасөспірім теңізге арнайы тақтаймен (SUP-board) шыққан. Оның мәйіті жағадан жүз метр қашықтықтан табылды.
«Таңғы сағат 8:35-те Каспий теңізінде ТЖД күштік құрылымы 2005 жылғы азаматтың мәйітін тауып, судан шығарды. Ол 2 маусымда серфинг тақтайымен жүзіп жүріп, батып кетті», – деді Ақтау қалалық төтенше жағдайлар басқармасының бас тергеушісі Есен Борашев.

”Адырна” ұлттық порталы

Комментарии