Дубайда жылжымайтын мүлігі бар қазақстандықтардың тізімі белгілі болды

816
Фото: ашық дереккөз
Фото: ашық дереккөз

Дубайда 1550 қазақстандық 1,018 миллиард долларлық 2694 жылжымайтын мүлікке иелік етеді, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы      

@yyedilov телеграмм каналының жазуынша, орта есеппен қазақстандықтар бір жылжымайтын мүлікке 377 989 доллар жұмсаған.

Бір қызығы, қазақстандықтардың бұл әмірлікте жылжымайтын мүлкі ресейліктерден үш есе аз (5381 ресейлікте 9755 жылжымайтын мүлік бар, жалпы сомасы — 3,344 млрд). Ал Қазақстанның жалпы ішкі өнімі Ресей Федерациясының жалпы ішкі өнімінен шамамен тоғыз есе аз. Яғни, бізде қаржыны үш есе көп ұрлайды, не жай ғана Дубайды үш есе артық "жақсы көреді".

OCCRP мәліметтері бойынша Дубайдағы ең қымбат жылжымайтын мүліктің бірнеше иелері ғана белгілі. Олардың қатарында  Нұрсұлтан Назарбаевтың немересі Нұрәлі Әлиев, бұрынғы премьер-министр және ҰҚК-нің бұрынғы басшысы Кәрім Мәсімов (қазір қамауда) және Нұрсұлтан Назарбаевтың күйеу баласы Тимур Құлыбаев бар,

Қалған 1547 қазақстандық — Дубайдағы жылжымайтын мүліктің "бақытты" иелері. Олар Еуроодақ салық обсерваториясының есебіне сәйкес, активтерді оффшорлық компаниялар арқылы сатып алған.

 

"Адырна" ұлттық порталы

Пікірлер
Редакция таңдауы
Серіктестер/Партнеры
Студия IMA - создание сайтов Доставка цветов Астана - Lova Buket