Семейде орман өртенді

3292
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/content/uploads/2022/06/zagruzhennoe-1.jpg
Семейде орман өртеніп, оны ауыздықтауға 400-ге жуық адам жұмылдырылды, деп хабарлайды  "Адырна" ұлттық порталы "ҚазАқпарат"-қа сілтеме жасап. ШҚО Төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, 1 маусымда сағат 14.27-де «Семей орманы» резерватының Жаңа-Семей филиалы Подгороднее орманшылығында өрт шыққан. Тілсіз жау шарпыған аумақ шамамен 160 гектарды құрады.
«Жалынның беті әлі қайтпай жатыр. Өртті сөндіруге департаменттің, жергілікті атқарушы органдардың, ТЖМ №68303 әскери бөлімінің қызметкерлері мен орманшылар жұмылдырылды. Қазіргі уақытта сол жерде 399 адам және 85 техника жұмыс істеп жатыр. Семей қаласында өрт қауіптілігінің бесінші деңгейі жарияланған», - делінген ақпаратта.
Алдын ала болжам бойынша, өрт найзағайдан шығуы мүмкін. Әуеден мониторинг жасау үшін «Ми-2» тікұшағы тартылды.  

 "Адырна" ұлттық порталы

Комментарии