Тоқаев Алматы қаласында бірқатар кездесу өткізді

2188
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/content/uploads/2021/08/toқaev-960x500.jpg?token=bb31aa2d9cf74432cd602cc30257dcb3
Қасым-Жомарт Тоқаев Kaspi kz компаниясының негізін қалаған Вячеслав Ким мен Михаил Ломтадзені және танымал кәсіпкер әрі меценат Рашид Сәрсеновті қабылдады. Бұл туралы Ақорда жазды, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі. Мемлекет басшысына Kaspi kz құрылтайшылары халықаралық деңгейде танымал финтех компаниясының қазіргі қызметі мен одан әрі даму перспективаларының жоспары туралы мәлімет берді. Рашид Сәрсеновпен кездесу барысында отандық кәсіпкерлікті дамыту және қолдау мәселелері, соның ішінде бірқатар әлеуметтік маңызы бар жобаларды жүзеге асыру мәселелері талқыланды.
Комментарии