Рудныйда 15 жастағы қыз суға батып кетті

2875
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/content/uploads/2022/05/db103b5c-c62f-4699-a761-e7db56eaca09.jpeg
Рудныйда 15 жастағы қыз суға батып кетті. Бұл туралы Қостанай облысының төтенше жағдайлар департаменті мәлімдеді, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі. Ведомствоның айтуынша, қайғылы оқиға 29 мамырда болған.
«Сағат 19:15-те Тобыл өзеніндегі Парковая көшесінің әкімшілік аумағында 2007 жылы туған жасөспірімнің денесі табылды. Төтенше жағдайлар департаментінің жедел-құтқару жасағының күшімен судан шығарылды»,- делінген хабарламада.
Айта кетейік, жасөспірім тыйым салынған жерде шомылған.

«Адырна» ұлттық порталы

Комментарии