$165 млрд қарыз: Қазақстанның шетелден алған қарызы өсіп барады

3000
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/content/uploads/2022/05/7d275534-27d1-416d-b435-27216801e943.jpeg
Қазақстанның сыртқы қарызы өсіп барады. Ұлттық банктің мәліметіне қарағанда, 2022 жылдың 1 қаңтарындағы жағдай бойынша сыртқы қарыз $165 млрд-қа жеткен, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы аrasha.kz сайтына сілтеме жасап.  Мәселен, қаржы және сақтандыру саласының сыртқы қарызы 37,5% өсіп, $11 млрд-қа жетсе, құрылыс саласының қарызы 24,6% өсіп, $4,3 млрд болған. Ал мемлекеттік басқару және қорғаныс саласының сыртқы қарызы – 14,2% өсіп, $15,8 млрд болса, сумен қамтамасыз ету саласы – 17,5%, өсіп, $184 млн-ға жеткен. Сондай-ақ, көтерме және бөлшек сауда саласының қарызы 8,2% өсіп,  $9,3 млрд-қа, өңдеу өнеркәсіп саласының қарызы 8% $12,5 млрд-қа жеткен, Дегенмен сыртқы қарызды өтеп жатқан салаларда бар. Олар: көлік және қойма саласы, кәсіби ғылыми-техникалық сала, әкімшілік және қосалқы қызмет саласы, тау-кен саласы. Қазақстан қарыз алған елдер қатарында АҚШ, Нидерланд, Англия бар.

”Адырна” ұлттық порталы

Комментарии