Түрікменстанда экс-президенттің жылқысына ескерткіш қойылмақ

3391
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/content/uploads/2022/05/0902b88a-f9ce-49e6-ba38-d95709188027.jpeg
Түрікменстанда экс-президенттің жылқысына ескерткіш қойылады. Бұл туралы  Turkmenportal. жариялады, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы. Түрікменстанның жаңадан сайланған басшысы Сердар Бердімұхамедов Ашхабадтағы Ақалтеке ат кешенінің алдына Ақханның (экс-президенттің жылқысы) мүсінін орнату туралы қаулыға қол қойды. Құрылыс жұмыстары мамыр айында басталады, нысан желтоқсан айында тапсырылуы тиіс. Ақхан - Гурбангулы Бердімұхамедовтың өзі баптаған ат. 2018 жылы бұл ат Гиннестің рекордтар кітабына енген. Еске салайық, 2020 жылдың қарашасында Гурбангулы Бердімұхамедов Ашхабадта итіне ескерткіш орнатқан.

”Адырна” ұлттық порталы

Комментарии