Путин мен Бердімұхамедов дос па?

2418
Adyrna.kz Telegram
Фото: ашық дереккөз
Фото: ашық дереккөз

Ресей Президенті Владимир Путин Түркіменстан Президенті Сердар Бердімұхамедовті "Достық" орденімен марапаттады, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы.

Бұл марапат ресейлік және шетелдік азаматтарға бейбітшілікті, халықтар арасындағы достық пен әріптестікті нығайтудағы ерекше еңбегі үшін беріледі.

Ресей Федерациясының басшысы Владимир Путин Түркіменстан басшысы Сердар Бердімұхамедовті түркімен-ресей қарым-қатынастарын кеңейтуге қосқан жеке ерекше үлесі үшін "Достық" орденімен марапаттап, тиісті жарлыққа қол қойды.

Бұл туралы ресейлік құқықтық ақпараттың ресми интернет-порталы жазды.

"Ресей Федерациясы мен Түркіменстан арасындағы стратегиялық әріптестікті нығайтуға қосқан зор үлесі үшін Бердімұхамедов Сердар Гурбангулыұлын "Достық" орденімен марапаттайды", – деп атап өтілген құжатта.

Әкесінен кейін таққа отырған Түркіменстанның жаңа Президентінің Путинмен "достығы" қазір желілерде талқыланып жатыр.

 

 "Адырна" ұлттық порталы.

 

Пікірлер