Зеленскийдің кеңесшісі Украина келісімге бармайтынын айтты

2030
Adyrna.kz Telegram
Фото: rbk.ru
Фото: rbk.ru

Украина президенті кеңсесінің кеңесшісі, Ресеймен келіссөз бойынша украин делегациясының мүшесі Михаил Подоляк Ресей Украина аумағынан әскерін әкетпейінше Киев атысты тоқтату туралы келісімге бармайтынын айтты, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы "azattyq.org" сайтына сілтеме жасап.

Оның айтуынша, Ресей әскері Украинадан кетуге тиіс, тек содан кейін ғана бейбіт процесті қалпына келтіру мүмкін болады. Ол талаптардың арасында Мәскеу аннексиялап алған Қырымның бар-жоғын айтпады.

Қырым мен Донбастың бір бөлігі 24 ақпанға дейін де ресейшіл күштердің қолында болған. Осыған дейін Украина басшысы Владимир Зеленский Ресей әскері 23 ақпан күнгі позициясына оралса ғана келіссөзге баратынын айтқан. Подоляк секілді Зеленский де Мәскеуге Украина территориясын бермейтінін айтқан.

Подоляктың сөзіне қарағанда, әскерін елден шығармаған Ресей үзіліс жасаған сайын күшін қалпына келтіріп, бұрынғыдан бетер екпінді соққымен оралады. Президент кеңесшісі Киевтің позициясы барған сайын "қатайып" бара жатқанын мойындады. Осыған дейін Ресей тарабы бейбіт келіссөз іс жүзінде мүлде жүргізіліп жатқан жоқ деген еді.

Подоляк бірқатар батыс елдерінің атысты дереу тоқтату туралы үндеуін "ақылға қонымсыз" санайды.  Михаил Подоляк Ресей "ауыр жеңіліске ұшырауы үшін" Батыс Украинаны қолдай беруі тиіс деп есептейді.

 

"Адырна" ұлттық порталы.

Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Школьники потрясли всю сеть этим танцем — смотреть без детей!
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Танец на выпускном взорвал сеть: смотреть без детей
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Девушка из г Колумбус опозорилась на всю Беларусь! Видео ошеломит
Пікірлер