Оралда жол апатынан 20 жастағы қыз көз жұмды

2530
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/content/uploads/2022/05/dtp.jpg
Батыс Қазақстан облысында жол апатынан 20 жастағы қыз көз жұмды, көлік билборд тірегіне соғылған, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы. Бұл туралы t.me/orda_kz тееграм каналы жазды.
Қыз ауруханаға жеткізілген, бірақ алған жарақаттары салдарынан көз жұмды. Марқұмға жабық бассүйек-ми жарақаты, бас миының контузиясы, төменгі жақ сүйектерінің сынуы деген диагноз қойылған.
Toyota Crown көлігінің 29 жастағы жүргізушісі салонда қысылып қалған. Сондай-ақ жабық бассүйек-ми жарақатын алған, миы шайқалған, жамбас сүйегі сынған. Ол реанимацияда жатыр. Оқиғаға байланысты тергеу жұмыстары басталды.  

"Адырна" ұлттық порталы.

Комментарии