Жәнібек Әлімханұлы қарсыласын нокаутқа жіберді

2993
Adyrna.kz Telegram
Фото: cdn.nur.kz
Фото: cdn.nur.kz
Қазақстан боксшысы Жәнібек Әлімханұлы (11-0, 7 КО) британдық Дэнни Дигнумды (14-0-1, 8 КО) нокаутқа жіберіп, WBO нұсқасы бойынша орта салмақтағы "уақытша" әлем чемпионы атағын жеңіп алды, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы "Zakon.kz"-ке сілтеме жасап.

Өз мансабында жеңіліп көрмеген боксшылар Лас-Вегаста (АҚШ, Невада) Resorts World Las Vegas ойын-сауық кешенінің аренасында қолғап түйістірді.

Жекпе-жектің алғашқы минуттарынан бастап қазақстандық ағылшынды тықсыра қуып, бірінші раундта-ақ нокдаунға түсірді.

Жәнібек шешуші соққыны екінші раундта жасап, Дэнни Дигнумды нокаутқа жіберді.

Қазақстан боксшысы осылайша WBO нұсқасы бойынша орта салмақтағы "уақытша" әлем чемпионы атағын жеңіп алды. Ал британдыққа кәсіби деңгейдегі мансабындағы алғашқы жеңілісін қабыл алуға тура келді.

Дигнумды сұлатып салған қазақ екі әлем чемпионы – Чарло Джермелл мен Деметриус Андраданы рингте күтетінін мәлімдеді.

 

"Адырна" ұлттық порталы.

 

Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Женатым лучше не смотреть: танец роскошной Татьяны (видео)
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Танец на выпускном взорвал сеть: смотреть без детей
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Позвали Таню, и жены начали уводить мужей. Не стесняется стыдобы
Пікірлер