ҚР еңбек сіңірген әртісі Сағат Жылгелдиев өмірден озды

13805
Adyrna.kz Telegram

Қазақстанның еңбек сіңірген әртісі Сағат Жылгелдиев өмірден озды, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы.

Серік Әбікенұлы өз facebook парақшасында естеліктермен бөлісіп, Сағат Жылгелдиновтың бақилық болғанын естіртті.

“1983 әлде 84-жылы Талдықорған облысының өнерлі қауымы Алматыдағы аламанға қатысты. Топ басында әкеміз Әбікен, ол кісі айтысқа түседі. Жетісу әншісі деп Гүлмайдан Сүндетова шықты. Ал жыршылар жарысына облыстық театрдың жас актеры Сағат аға Жылгелдиев қатысып еді. Көзі жәудіреген қияқ мұртты жігіт Мұқағалидың сөзіне жазылған Алмахан апамыздың "Жапырақ жүрек жас қайыңын" орындағанда залдағы жұрттың жанарынан жас сорғалап сала берген.

Осы айтыстан кейін "Алатау" телеарнасы студияға шақырып, әкемізден Бақтыбай мен Тезек төренің айтысын, Сағат ағадан "Жас қайыңды" жазып алды. Сол жастық дәуренін, әкемізді ұмытпай жиі сәлем жолдайтын.

Беу, дүние! ...Келісемісің, жас қайың, жанымды айырбастайын... Алатаудың бөктеріне қайыңның бір жас шыбығы біткен шығар. Сағат аға бақилық болыпты. Иманыңыз саламат болсын, аға”,- деп жазды ол.

“Адырна” ұлттық порталы

Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Мы с мужем обрели вторую молодость! Вот как ему вернули потенцию…
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Галкин и Пугачева станцевали зажигательный танец на Кипре
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Чтобы суставы не хрустели, а боль ушла, перед сном мажьте этим...
Пікірлер