4 жасар бала шұңқырға құлап, көз жұмды

2391
Adyrna.kz Telegram
Фото: ашық дереккөзден
Фото: ашық дереккөзден

Алматыдағы Қарасу шағын ауданында төрт жасар бала анасымен және жеті айлық әпкесімен далада ойнаған. Әйел нәрестенің киімін ауыстырып келгенде, ұлын таппай қалған. Бала шұңқырға құлап кеткен, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы.

Сол жерден өтіп бара жатқан куәгер баланы құтқармақ болғанымен үлгермеген. Бала шұңқырдың бетіне қалқып шығып, ес-түссіз жатқан. Басқа жолаушылар да көмектесуге тырысқанымен, қайта тірілту және жасанды тыныс алу әрекеттері де нәтиже бермепті.

Алатау аудандық прокуратурасы апаттың энергия тиімділігін арттыру және инфрақұрылымды дамыту басқармасы тапсырған кәріздік сорғы стансасының құрылыс алаңында орын алғанын хабарлады. Сорғы стансасын орнату жұмыстарын екі мердігер компания жүргізді. Олар жұмысты 2021 жылдың желтоқсан айында аяқтауы керек болған.

Қазір прокуратура бұл құрылысқа қатысты барлық құжаттаманы тексеріп, тапсырыс беруші мен мердігерлердің әрекетіне баға беретін болады.

 

"Адырна" ұлттық порталы.

Пікірлер