«Аманат» партиясына Мақсат Толықбай, Олжас Ордабаев және тағы басқалары қосылды

2859
Adyrna.kz Telegram

Бүгін Аманаттың орталық аппаратында салтанатты қабылдау өтті. Аманаттың қатарын бизнес, үкіметтік емес ұйымдар, түрлі сала өкілдері, белсенді жастар және т.б. толтырды, деп хабарлайды "Адырна" порталы. 

Шараны ашқан «Аманат» партиясының жауапты хатшысы Асхат Оралов партияның ең алдымен ортақ құндылықтармен біріккен пікірлестердің бірлестігі екенін баса айтты.

"Бүгінгі таңда партия трансформациялану үстінде. Сонымен бірге, "Аманат" – еліміздің басты саяси күші және Мемлекет басшысының қоғамдық қолдауы. Өздеріңіз білетіндей, Президент Қасым-Жомарт Тоқаев кең ауқымды партияны, жаңа саяси реформаларды ұсынған болатын.  Маусым айында жалпыхалықтық референдум өтеді және оған әрбір партия мүшесі қатысады, әрбір азамат – біздің ортақ парызымыз», - деді Асхат Оралов.

Жауапты хатшы партияның жаңа мүшелері Аманатты қайта құру жобаларын сапалы жүзеге асыруға өз үлестерін қосып, тың идеяларын ортаға салады деген сенім білдірді.

Бүгін партия қатарына қабылданғандардың қатарында тележурналист Мақсат Толықбай, ҰАО президенті Талап Олжас Ордабаев, республикалық «Әділет» бірлестігінің төрайымы Динара Құдайқұлова, «Қазақстан халқына» қоғамдық қоры басқарма төрағасының орынбасары Ләззат Шыңғысбаева, «Қазақстан халқы» қоғамдық қорының басқарма басшысы Ләззат Шыңғысбаева бар. «Қорған» мүгедектер қоғамдық бірлестігі Нұргүл Байқазақова, «Комфортстрой» ЖШС бас директоры Бекзат Мырзахмет және т.б. да партя қатарына енді.

 

Пікірлер