Қазақстанның ЕАЭО Кеден Одағынан шығу туралы бастама көтергені рас па?

4705
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/content/uploads/2022/05/49e9a6e1-1cdf-400b-9031-c8651e4ad206.jpeg
Әлеуметтік желілерде Қазақстанның ЕАЭО Кеден Одағынан шығу туралы бастама көтергені жайлы тараған ақпаратқа қатысты ҚР Сауда және интеграция министрлігі пікір білдірді, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы stopfake.kz-ке сілтеме жасап.
Желідегі ақпаратқа сенсек, бұған «Қазақстан мен Ресей арасындағы шешілмеген келіспеушіліктер» себеп болған екен. Алайда министрлік бұл ақпаратты жоққа шығарды.
«Қазақстанның жоспары» туралы ақпарат шындыққа жанаспайды», – деп хабарлады ведомствоның баспасөз қызметі.
Сондай-ақ таратылған хабарламада Қазақстан ЕАЭО-дан шығуды жоспарлап отыр деп мәлімдеген автор өзінің дереккөзіне сүйенген. Бұл – фейк ақпараттың белгілерінің бірі, өйткені дереккөзді анықтау және оны тексеру мүмкін емес. Ресми порталдарда және БАҚ-та Қазақстанның ЕАЭО-дан шығу жөніндегі жоспарлары туралы ақпарат жоқ.

“Адырна” ұлттық порталы

Комментарии