“Al Jazeera” арнасы Ресейдің марқұм сарбаздары тиелген вагондарды көрсетті

3550
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/content/uploads/2022/05/75218fc3-41cf-4e95-b1a4-04bdff55c852.jpeg

Әл-Жазира телеарнасының катарлық журналистері Ресейдің Украинаға қарсы соғысы туралы хабар жариялады. Онда  қайтыс болған орыс сарбаздары көрсетілген, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы.

Бейнежазбада Ресей әскерінің киіміне ұқсас киінген мәйіттер бар. Сондай-ақ, сөмкелер, Ресейде жасалған дене бронының жапсырмасы, нақты әскери бөлімдерге тиесілі екенін көрсететін шеврондар және қаза тапқан сарбаздардан қалған  алтын бұйымдар көрсетілген.

Суреттер видеодан алынды

Телеарна қаза тапқан ресейлік сарбаздардың мәйіттері салынған

көлік Киев облысында түсірілгенін, Ресей Федерациясы бұл сарбаздардың мәйіттерін алудан бас тартқанын атап өтеді.

https://youtu.be/RWpT4P8GuDE

Айта кетейік, соңғы рет Ресей Қорғаныс министрлігі «Арнайы әскери операция кезінде 1351 сарбаз қаза тауып, 3825-і жараланған» деп хабарлаған болатын.

Украина Қарулы Күштерінің Бас штабы 9 мамырда Ресей армиясының жалпы шығыны 25 650 адамды құрағанын мәлімдеді.

Адырна” ұлттық порталы

Комментарии